Excel программасында жобалы? ж?мыстар орындау 8 сынып

Петровка орта мектебі

ТАҚЫРЫБЫ:

Информатика сабағында Ms Exсel программасын өмірмен байланыстыра оқыту

Жұмыс авторы: Нурдуллаев Е.Г.

Петровка орта мектебінің

информатика пән мұғалімі

2015-2016 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе. 3

І бөлім

MS Excel программасы

ІІ бөлім

MS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқыту

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымша

Кіріспе

«Қоғамда өмір сүре отырып,қоғамнан тысқары бола алмайсың».

В.И. Ленин

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Казақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы анықтап берген және Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру жүйесінің алдында тұрған келешектегі жауапты міндеттердің бірі- еліміздің гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар жоғары білімді, мәдениетті жастар тәрбиелеу. Білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «ЮНЕСКО-ның және өзге де зерттеулер оқушылардың білім деңгейлерінің жылдан- жылға төмендеп келе жатқандығын анықтайды»- деп атап көрсетілді.

Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңістігіне бағыт алуда. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адам арасындағы қарым- қатынас құралдарының ғарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы- 12 жылдық білім беруге көшуге жаңа бастама болып отыр. Сондықтан мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейімі, жеке қабілеті және әлеументтік- психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Орта мектепте оқытылатын оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кездегі жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселесінің бірі- оқушылардың «дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру». Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.

Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігі информатика сабағында оқушының дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін сабақта арттырудың, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландырудың тиімді жолдарын қарастырылумен анықталады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің бірі оқу болғандықтан бұл заңды.

Қоғам жеке оқушыдан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан- жақты болуды талап етеді. Қазіргі кезде ұстаздар алдындағы маңызды міндеттердің бірі – оқушының жеке басының ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген қызығушылығы мен іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс -әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу- ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс — әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында тұрған міндет. Оқу жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті — күрделі әрі жан – жақты үрдіс.

Оқушының ақыл -ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады.

Зерттеудің болжамы: Егер оқушылардың таным белсенділігін арттырып қалыптастыратын болсақ, онда шығармашылыққа қабілетті жеке тұлғаны дамытуға да болар еді.

Зерттеу нысаны:— орта мектептің 8-сынып оқушылары.

Зерттеу пәні — информатика

Зерттеудің мақсаты— Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылық деңгейін өмірмен байланыстыра отырып дамыту.

Зерттеу мақсаты төмендегідей негізгі міндеттермен нақтыланады:

  1. Теориялық тұжырымдарды практикада іске асыру, сабақ барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыруды зерттеу, оны іске асыру жолдарын көрсету.

  2. Оқушыларды өзін өзі бағалауға, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.

Зерттеу міндеттері мен мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері: бақылау; сабақтар жүргізу және нәтижелерін өңдеу қолданылды.

І бөлім.

1979 жылы екі экономист студент Dэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Еxcel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. 1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызады. Бірінші болып VisiCalc кестелік процессоры жасалды. Осыдан кейін-ақ электрондық кестелер (ЭК) тұжырымдамасын бірқатар фирмалар іліп алып кетті. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 дестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Ins фирмасының SuperCalc-3-4-5 кестелік процессорлары кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестілері жасалынды. Осы күнге дейін қуаты аз компьютерлерде SuperCals-4.5 нұсқасы қолданылады.

Қазіргі компьютерлерде Мicrosoft Excel кестелік процессоры кең таралған. Мicrosoft Excel электрондық кестесімен танысамыз. «Электрондық кесте» деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Оптимизация (тиімді ету) есептерін шығару.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу (табу).

  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Мicrosoft Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. Мicrosoft Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа емес, ол көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп әр адамға түсінікті түрде жүргізе алады. Ол кестедегі мәліметтерді пайдаланып, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент өткізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.

ІІ бөлім.

Бірінші зертханалық жұмыс.

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»

Абай

«Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Осы ұлы адамдардың сөздері әр адамды ойландыратыны сөзсіз. Оқушыларға да осындай ой сала отырып өздерінің бір күніне есеп беруін сұраған жөн. «Күн тәртібі» зертханалық жұмысының басталуы оқушының өз бір күнін қалай өткізгені туралы өзіне есеп беруден басталады. Өзіне есеп бере отырып бір күнінің кеткен уақытын жазып шығады. Яғни, бір күндегі немесе 24 сағаттағы өз өмірінің немен өткенін төмендегідей MS Excel программасына енгізеді.

MS Excel программасына енгізіп болғаннан кейін, осы күн тәртібін диаграммаға салады да пайызын көрсетеді. Бұл мысалы төменегідей болып шығады.

Екінші зертханалық жұмыс

Төменде ұсынылып отырған бұл зертханалық жұмыс — Excel программасында қазіргі өмір талабымен байланыстыра отырып программаларды құру арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін және шығармашылық жұмысын арттыруға негізделген.

Зертханалық жұмыста мұғалім банкир, оқушылар сол банкінің клиенттері болып саналады. Банкир өз клиенттерінің сұраныстарын ескеріп несие береді. Ол үшін банкир несие алушы клиенттерге несие алу, қайтару мысалын көрсетіп түсіндіреі.

Мысалы, несие алушы Ернұр мырза 250 000 теңгені 1 жылға 13% жылдық пайызымен (процент) 2009 жылдың қаңтарында банкіден алды. Ол 2010 жылдың қаңтарына дейін несиені және қосымша пайызын қоса банкіге қайтарып беруі тиіс. Несие алушы несиені 1 жылға алғандықтан және ай сайын

сол несиенің белгілі бөлігін қосымша айлық пайызымен қайтаруы тиіс болғандықтан жылды айларға бөліп тастаймыз.

  1. Банк шарты бойынша несиеге беріген ақша қанша жылға берілсе, сол жылдарға шағып бөлінеі, мысалда несие алушы несиені 1 жылға алғандықтан берілген екі жүз мыңды он екі айға бөлеміз. Сонда беріген несиенің қаншадан ай сайын (20833) қайтарылатынын білеміз.

  2. Енді берілген несиенің жылдық 13% пайызын есептейік. Ол үшін пайызды есептеу формасы бойынша 250 мыңды 13% ке көбейтіп, 100 ге бөлеміз. Осы жылдық пайыз арқылы, айлық пайызды табу үшін 1 жылда 12 ай болғандықтан, 12 ге бөлеміз. Нәтижесінде ай сайын беретін пайызымыз анықталады.

  1. Банкі шарты бойынша беріл-ген несиені несие алушы ай сайын айға шағып бөлінген ақшасы мен пайызын қоса банкіге қайтарып отыруы керек.

  1. Айға шағып бөлінген несиені (208333) берілген несиеден немесе несиенің қалдығынан әр айда банкіге қайтарып берген сайын, алып тастап отырады. Сонда несие алушының банкіден алған несиесі азаяды. Алынған несие азайған сайын айлық пайызы да (%) азаяды. Айлық пайызы ай сайын азайып отыратындықтан банкіге қайтарылатын ақша да азайып отырады.

Ескерту: Осы әрекеттерді орындап болғаннан кейін «+» белгісімен ұяшықтарды тарта саламыз. Есептеу программада автоматты түрде өзі жүргізіледі.

Сонымен Ернұр мырза 250 мың теңге алып 1 жылдың ішінде 266250 теңге қылып қайтарып берген. Бұдан үстеме пайызы 16250 теңге болып шыққанын көреміз. Бұл программаның тиімді жағы бір рет бір несиеге құрып алған программадан кейін, несиенің мөлшерін өзгертуге болады. Енді клиенттерге (оқушыларға) банкир (мұғалім) таратпа материал арқылы несиелерін береді. Бірақ программа күрделірек болу үшін несиені 3 жылға береміз және 1 жыл өткеннен кейін несиенің қалдығына жылы ұзартылғандықтан 0,8% өсімше (2-жылға – 0,8%, 3-жылға – 1,2%) қойып отырамыз. Сонымен қатар әр несие алушыға жылдық % (пайызы) өзгертіліп беріледі. Несиені доллармен де беруге болады. Ол үшін ұяшықтарды белгілеп «Ұяшық пішімі» терезесіне кіріп «Сан» батырмасынан «Ақшалай» ды таңдап алып «$» Ағылшынның (АҚШ)» таңбасын таңдап алсақ болғаны.

Таратпа материалдар:

1-карточка

850 мың теңгені 3 жылға 14% жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,9% ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.

2-карточка

1500 долларды 3 жылға 12% жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,3% ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.

3-карточка

10200 мың теңгені 3 жылға 11% жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,9% ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.

Ескерту: Негізінен банкілерде жылдық өсімше деген жоқ, біз программа күрделірек болсын деп қана қосамыз, оны сынып деңгейіне байланысты қоспауға да болады.

Үшінші зертханалық жұмыс.

Келесі зертханалық жұмыстың қызықшылығы сол, оқушылар бір-бір дүкеннің иесі болады. Мысалы төмендегідей көрсетіп отырған «Аромат» дүкені. Бұл дүкенде парфюмериялық иіс су, шампун т.б. заттары сатылады. Дүкен иесі (оқушы) 15 күн сайын сатушыларын ауыстырады, сол кезде дүкеніне тіркеу (учет) жасап, келесі сатушыға өткізіп беру керек. Осыған дүкен иесі МS Excel программасында өзіне тиімді программа құруы керек. Мысал ретінде «Аромат» дүкенін көрсетейік, ол үшін «тауар атауы», «қанша дана», «бағасы», «барлығының бағасы», «сатылғаны (дана)», «сатылған бағасы (кассадағы ақша)», «сатылмай қалғаны (дана)», «сатылмай қалғанның бағасы (тауар болып тұрғаны)». Кестедегі қара түспен «қанша дана», «бағасы» ұяшықтарын дүкен иесі қолмен толтырады. Ал барлығының бағасын автоматты түрде есепке қояды, ол үшін «қанша дана» ұяшығы мен «бағасы» ұяшығын көбейтеді. (=С7*D7) Нәтижесінде бір тауар атауының барлық бағасы және барлық тауар атауының жалпы бағасын білуге болады. Яғни, «Аромат» дүкенінде тауар айналысында жалпы қанша ақша жүргенін білуге болады.

Сатушы күнделікті сатылған тауарын «Сатылғаны (дана)» бағанындағы сатылған әр тауардың данасын енгізіп отырады. Ал «Сатылған бағасы (кассадағы ақша)» автоматты түрде сатылған тауарлардың құнын енгізіп тұрады, мұның арқасында дүкен иесі қаншаға сауда жасағанын біліп отырады. (= D7*F7)

«Сатылмай қалғаны (дана)» бағаны автоматты түрде сатылмай қалған тауардың данасын көрсетіп тұрады. (= C7-F7) Яғни, 15 күнде бір қабылдайтын сатушы тек сатылмай қалған тауар санын алып, олардың дүкенде барлығына көзін жеткізсе болғаны.

Дүкен иесі «Сатылмай қалғанның бағасы (тауар болып тұрғаны)» бағаны арқылы автоматты түрде есептелген ақшадан да хабардар болады. Осы баған арқылы тауар айналысында қанша ақшасы қалғанын біліп отырады.

Қортынды

МS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқытудың тиімділігі өте зор. Күнтізбелік жоспары бойынша МS Excel программасын оқытуға 10 сағат бөлінген. Аптасына 1 сағат болатын сабақта МS Excel программасында оқушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру өте қиын. Бұл дегеніміз МS Excel программасына берілген 10 сағатты оқушылар 2,5 ай ішінде оқып бітіреді. Осы уақытты тиімді пайдалану үшін МS Excel программасын өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып аптасына 1 рет емес апта бойы жұмыс жасауына жағыдай жасалады. Ол үшін МS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқытып, оқушыларға зертханалық жұмысты тереңдетіп зерттеу арқылы орындауларын талап етіледі. Мысалы, Өз күнтізбесін құру, аяқ киім бутигіннің, киімдер бутигінің, тамақ бутигінің т.б. тауарларына программа құру арқылы зетханалық жұмыс жасайды. Оқушылар ізденіс жасап, программасын құрып нәтижесіне жетеді.

Бұл зертханалық жұмыстар жай алына салған жоқ. Бұл зертханалық жұмыстардың тәрбиелік маңызы зор. Мысалы; Күнтізбелік зертханалық жұмыста оқушы өзін-өзі тәрбиелеуге баулыйды.

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»

Абай

«Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Осы ұлы адамдар айтып кеткендей оушылар МS Excel программасын пайдалана отырып өзінен өзі есеп алуға, ұқыптылыққа, өз уақытын тиімді пайдалануға қалыптасады.

Ал келесі зертханада дүкен иесі бола отырып оқушылар бұл программаны меңгеру арқылы келешек өмірде керек кезінде қолдана алады немесе сол саланың қызметкерлерін үйрету арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп өз қоғамымыздың дамуына себепкер болатынына сенемін. Осылай МS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқытудың тиімділігінің тағы бір жағы оқушылар бұл программаға берілген 10 сағатқа қарап қалмайды, олардың қызығушылығы артып келешекте де осы программамен үнемі жұмыс жасайтынына сенемін. Бұл программаның тиімділігі сол қазіргі өмір талабына өте қажет программалардың бірі. Дүние жүзінде МS Excel программасының мүмкіндіктерін тек экономика саласында ғана емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Информатика негіздері. Ғылыми әдістемелік журнал. 2004/2 36-37-бет. MS Ecxel программасындағы зертханалық жұмыс

  2. Білімдегі жаңалықтар. 2008/4(24) 27-бет. Мектеп тәрбие үрдісінде

оқушыларды ғылыми зерттеу ізденіісіне баулу

  1. Қазақстан мұғалімі. 2006/1-3. 4-б. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері.

  2. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов «30 информатикадан сабақ» 2006 жыл. Алматы.

http://xn—-dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/informatika/8-klass/file/23835-microsoft-excel-programmasy.html

http://xn—-dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/certificates/?dae8340d8d2a102cb8481f32b70d4ba6#Gold

https://edupres.ru/certificates/?2df5fde726df8b163745315ecd25f77d#openModal

Excel программасында жобалық жұмыстар орындау

Материал жайлы қысқаша түсінік:

8 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Төмендегі Сабақ жоспары толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Excel программасында жобалық жұмыстар орындау

Бапақов Ердәулет Байболатұлы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы «№72 жалпы білім беретін мектеп» КММ Информатика пәнінің мұғалімі

20.02.2019

882

0

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

MS Excel — сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office –тің құрамына кіретін программа. MS Excel-дегі ыңғайлцы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады. Бас меню де, негізінен, басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.

Оның Word менюінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған.

Жұмыс кітабы.Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.

Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.

Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.

Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:

* Енгізу пернесін басу;

* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;

* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;

* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.

Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.

Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.

Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.

Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.

Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.

Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты қрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.

Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.

Дескриптор:

  • Мәтіндік пішімді ажыратады
  • Дыбыс пішімдерін ажыратады
  • Бейне пішімдерді ажыратады
  • Жиі қолданатын пішімдерді атайды

Мұғалім оқушыларға тақтада тапсырма орындау үшін сілтеме көрсетеді.http://learningapps.org/1914944,

Оқушылар тапсырма орындайды.

Мақсат: «Пішімдер мен кеңейтулерді ажыратады»

Бағалау: БК1.

Дескриптор:

  • Мәтіндік пішімді ажыратады
  • Дыбыс пішімдерін ажыратады
  • Бейне пішімдерді ажыратады
  • Берілген жаттығу бойынша пішім кеңейтулерін анықтайды

(Т) Топтық жұмыс. Мұғалім зерттеу үшін оқушыларға материалдар таратады.

Оқушылар материалмен танысып, сәйкесінше кестені толтырады.

Мақсат: «Түрлі пішімдерді (мәтіндік, дыбыс, видео)».

Бағалау: БК1, БК4

БК1дескрипторы:

  • Мәтіндік пішімді ажыратады
  • Дыбыс пішімдерін ажыратады
  • Бейне пішімдерді ажыратады

БК4 дескрипторы:

  • Пішім артықшылығын анықтайды
  • Пішім кемшілігін анықтайды
  • Пішімнің қолданысын жазады

(П) Практикалық жұмыс.Мұғалім әр оқушыға мәтіні бар құжат үлестіреді.

Оқушылар мәтінді теріп, түрлі мәтіндік пішімде сақтайды. Файлдың өлшемін анықтап түсіндіреді.

Мақсат: «Түрлі пішімдегі файл өлшемдерін салыстырады».

Бағалау: БК3, БК4.

БК3 дескрипторы:

  • Мәтіндік пішімді ажыратады
  • Файл өлшемін анықтайды

БК4 дескрипторы:

  • Файл өлшемін түсіндіреді

Бірдей ақпараттан тұратын файл өлшемдерін салыстырады



Скачать материал

Тақырыбы:MS Excel  бағдарламасында  
практикалық   жұмыстар орындау Мақсаты:...



Скачать материал

  • Сейчас обучается 338 человек из 64 регионов

  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы:MS Excel  бағдарламасында  
практикалық   жұмыстар орындау Мақсаты:...

    1 слайд

    Тақырыбы:MS Excel бағдарламасында
    практикалық жұмыстар орындау
    Мақсаты: Excel — дегі берілген мәліметтермен жұмыс істеу, оларды сұрыптау, диаграммалар сызу туралы білімдерін қалыптастыру және алған білімдерін пысықтау.
    Күтілетін нәтиже
    Теория мен практиканы
    ұштастыра алу

  • Түйінді
 идеяОқушының сөйлеу және бір-бірімен қарым –қатынас жасау біліктілік...

    2 слайд

    Түйінді
    идея
    Оқушының сөйлеу және бір-бірімен қарым –қатынас жасау біліктіліктерін дамытуда диалогтік оқытудың тиімділігін көру. Оның тиімділігі сабақтағы жайлы атмосфераның қалыптасуы, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуына әсер етуі. Өзінің білмегенін қасындағылардан үйрене отырып, қалай оқуды іске асыруға болатындығын түсінуі және өзін бағалай білуі.
    Сілтеме
    Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, ЭО, флипчарттар, стикерлер, бағалау парағы, смайликтер, т.б

  • Сабақ  барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ о...

    3 слайд

    Сабақ барысы:
    Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу
    Мақсат қою кезеңі
    Бүгінгі сабағымыздың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді. “…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу игеру және жетілдіру — бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Иә, балалар информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Сондықтан да біз Елбасының сөзін жадымызда мұқият ұстап, сабағымызды жақсы оқуымыз керек екен. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Excel бағдарламасында практикалық жұмыстар жасау. Сабағымыздың мақсаты: Excel — дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді Excel-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау.

  • Үй тапсырмасы бойынша банк қызметкерінің рөлін және мектеп бухгалтерінің рөлі...

    4 слайд

    Үй тапсырмасы бойынша банк қызметкерінің рөлін және мектеп бухгалтерінің рөлін сомдау берілген болатын. Ендеше дайындап келген топтар тақтаға шығамыз. Excel бағдарламасында есептеулер қалай орындалатынын көрсетулерің керек.
    Үй тапсырмасын тексеру
    Білімді тексеру кезеңі
    БІЛУ
    Блумның білу кезеңі бойынша интерактивті тақтада ойын тапсырмаларды орындаймыз. Олай болса кезек-кезек тақтаға шығайық. /Оқушыларға тақырып бойынша ойын тапсырмаларды және электронды оқулықтағы тапсырмаларды ұсыну/

  • Сандық пішімдерді тап:

    6 слайд

    Сандық пішімдерді тап:

  • A1F4C2B2D1Шыршаны  дұрыс ұяшықтармен безендір!

    8 слайд

    A1
    F4
    C2
    B2
    D1
    Шыршаны дұрыс ұяшықтармен безендір!

  • Функция  мұздарын ерімей тұрып тап!

    10 слайд

    Функция мұздарын ерімей тұрып тап!

  • Excel-да мәзір
 жолағының элементтерін тап!

    12 слайд

    Excel-да мәзір
    жолағының элементтерін тап!

  • ИЛИЛОЖЬ ЕСЛИИИСТИНАЛогикалық функцияларды 
себетке жина

    14 слайд

    ИЛИ
    ЛОЖЬ
    ЕСЛИ
    И
    ИСТИНА
    Логикалық функцияларды
    себетке жина

  • Сақтау Жұмыс
ұяшығыЖол аты Формула жолыExcel терезесінің элементтерін шерт(д...

    16 слайд

    Сақтау
    Жұмыс
    ұяшығы
    Жол аты
    Формула жолы
    Excel терезесінің элементтерін шерт
    (дұрыс шертсең жапырақтар сыбдырлап белгі береді)
    Анықтама
    Парақ
    хаттамасы

  • Excel бағдарламасының терезе элементтерін атаҰяшық адресі дегеніміз не?Сұрыпт...

    18 слайд

    Excel бағдарламасының терезе элементтерін ата
    Ұяшық адресі дегеніміз не?
    Сұрыптау үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
    Excel-де құжатты қалай сақтайды?
    Excel бағдарламасында қанша баған, қанша жол бар?
    Диаграмманың қанша түрі бар?
    Ескерту: Слайдтың көрсетілуі барысында әрбір доп үш реттен тышқан көмегімен шертіледі. 1-ші сұрақ пайда болады, 2-ші сұрақ жойылады, 3-ші доп қақпаға енеді.

  • ТҮСІНУКелесі кезең түсіну кезеңіне компьютерде төмендегідей  тапсырмаларды ор...

    20 слайд

    ТҮСІНУ
    Келесі кезең түсіну кезеңіне компьютерде төмендегідей тапсырмаларды орындаймыз. Барлықтарыңның компьютерлеріңде С дискісінде 1-ші тапсырма бар, 1-ші тапсырма бойынша фильтр орнатып, кестедегі мәліметтерді фильтрдің көмегімен сұрыптаймыз.
    1.1-ші тапсырма бойынша әйел адамдарды ғана сұрыптап, оны сарымен бояп, көшірмесін келесі параққа қоямыз.
    1.2-ші тапсырма бойынша I-ші қан тобындағыларды сұрыптап, жасылмен белгілеп, көшірмесін келесі параққа қоямыз;
    1.3-ші тапсырма бойынша бойы 123 см. адамдарды сұрыптап қызылмен белгілеп, көшірмесін келесі параққа қоямыз;
    2-ші тапсырма бойынша y=x2 функциясының графигін сызамыз. х-тің мәні -10 нан басталып +10 ға дейін болу керек.
    Сергіту кезеңі
    ( Қызыл өрік)
    сергіту

  • ҚОЛДАНУ  Келесі  кезең  қолдану  кезеңі. Компьютерде  жұмыс  үстелінде  “Форм...

    22 слайд

    ҚОЛДАНУ
    Келесі кезең қолдану кезеңі. Компьютерде жұмыс үстелінде “Формативті тест” орнатылып тұр. Сол бойынша 5 минут уақыт беріледі. Алған бағаларыңды бірден бағалау парағына жазуларың керек.

  • Бекіту кезеңіСабақты қорытындылау мақсатында «Эдвард де Боно» әдісі бойынша о...

    24 слайд

    Бекіту кезеңі
    Сабақты қорытындылау мақсатында «Эдвард де Боно» әдісі бойынша оқушылардың Excel бағдарламасы туралы пікірлерін тыңдау
    Жалпы осы қалпақтарды таңдап сөйлеу сендердің ойлау
    қабілеттеріңді дамытатын әдістердің бірі. Бұл әдістің авторы американдық профессор Эдвард де Боно деп сабақтарда
    айтқанмын. Ендеше сендердің пікірлеріңді тыңдайық
    ТАЛДАУ

  • 6 ОЙЛАУ  ҚАЛПАҒЫАқ (ақ бұлттар) -  фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза к...

    26 слайд

    6 ОЙЛАУ ҚАЛПАҒЫ
    Ақ (ақ бұлттар) — фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
    Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
    Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі….”
    Сары (күн) — оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
    Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
    Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

  • Формативті бағалау/Оқушылардың өздері қойған бағаларын журнал бетіне түсіру/...

    27 слайд

    Формативті бағалау
    /Оқушылардың өздері қойған бағаларын журнал бетіне түсіру/
    БАҒАЛАУ

  • Рефлексия.
Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
Қиын және жеңіл жерлері болды...

    28 слайд

    Рефлексия.
    Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
    Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
    Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
    Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
    Ұсыныстарыңыз бар ма?

    Сабақтағы оқушылардың көңіл күйі смайлик арқылы көрсетіледі.

  • «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп са...

    29 слайд

    «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзін әрқашан жадымызды ұстап, сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!
    ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ:§4.1

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 208 959 материалов в базе

  • Выберите категорию:

  • Выберите учебник и тему

  • Выберите класс:

  • Тип материала:

    • Все материалы

    • Статьи

    • Научные работы

    • Видеоуроки

    • Презентации

    • Конспекты

    • Тесты

    • Рабочие программы

    • Другие методич. материалы

Найти материалы

Другие материалы

Рейтинг:
5 из 5

  • 04.05.2016
  • 2341
  • 66
  • 04.05.2016
  • 1169
  • 3
  • 04.05.2016
  • 629
  • 1
  • 04.05.2016
  • 770
  • 0
  • 04.05.2016
  • 627
  • 0
  • 04.05.2016
  • 1962
  • 17
  • 04.05.2016
  • 1479
  • 7

Вам будут интересны эти курсы:

  • Курс повышения квалификации «Информационные технологии в деятельности учителя физики»

  • Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»

  • Курс повышения квалификации «Организация работы по формированию медиаграмотности и повышению уровня информационных компетенций всех участников образовательного процесса»

  • Курс повышения квалификации «Развитие информационно-коммуникационных компетенций учителя в процессе внедрения ФГОС: работа в Московской электронной школе»

  • Курс профессиональной переподготовки «Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»

  • Курс повышения квалификации «Использование компьютерных технологий в процессе обучения в условиях реализации ФГОС»

  • Курс профессиональной переподготовки «Управление в сфере информационных технологий в образовательной организации»

  • Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»

  • Курс повышения квалификации «Современные языки программирования интегрированной оболочки Microsoft Visual Studio C# NET., C++. NET, VB.NET. с использованием структурного и объектно-ориентированного методов разработки корпоративных систем»

  • Курс повышения квалификации «Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle»

Сабақтың тақырыбы: Excel программасында жобалық жұмыстар орындау


Бөлім

Ақпаратты электронды кестеде өңдеу

Педагогтың аты-жөні

Күні

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сынып

Сабақтың тақырыбы

Excel программасында жобалық жұмыстар орындау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.2.2.3 электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы

ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсінікте мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, Жұмыс кестесінің бетібойы бойынша орын ауыстыру, кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы, кесте бетінің таңбасының атын өзгерту, бағанның енін және жолдын биіктігін өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастырады.

Оқушылардың көпшілігі

Microsoft Excel программасында кестелермен жұмыс жасауға,

Оқушылардың кейбірі

EXCELкестелік процессорында дерек базасымен жұмысістеу, EXCELдегі дерек базасы EXCELдің мәліметтер базасын өңдеу мүмкіндіктері, мәліметтерді реттеу туралы білімдерін қалыптастырады.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әректі

Бағалау

Ресурстар

1.Ұйымдастыру

2. Өткен тақырыпты еске түсіру қайталау

Достарыңызбен бөлісу:

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Excel программа не отвечает
  • Excel программа как пользоваться обучение
  • Excel программа изучать самостоятельно
  • Excel программа для финансового анализа
  • Excel программа для тестирования