Excel программасында ?анша кірістірілген функция бар

Ұзакмерзімді
жоспар бөлімі:

Бөлім 3 Ақпаратты электронды кестелерде
өңдеу

Мектеп:
«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима ОМ» КММ

Күні:18.11.2019
ж

Мұғалімнің
аты-жөні: Идрисов Е.К.

Сабақ
тақырыбы

Кірістірілген
функциялар

Оқу мақсаты

8.2.2.3
электронды
кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану

Сабақ мақсаты

Оқушыларға
электрондық кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген
функцияларды қолдануға үйрету

Бағалау
критерилері:

·        
кіріктірілген
функцияларды қолданып шығарылған есептердің қорытындыларынан ұяшықтың мәнін
таба біледі.

·        
есептерді
шығаруда формулалар мен кіріктірілген функцияларды қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

·        
кіріктірілген
кункциялардың қолдану ережелерін түсіндіре біледі,

·        
формула
және функциялардың жазылу синтаксисін түсіндіре алады.

Дағдылық құндылықтар

Жұптық
тапсырмаларды орындау барысында сыйластық қарым-қатынастарды дамыту.

 

Пәнаралық байланыс

Математика. Қазақ тілі.

Алдыңғы
білім

Статистикалық мәліметтер

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

 Сабақта
орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.
 «Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру
Топқа «Теңге» арқылы бөлу.
     1 топ         2 топ            3 топ
Үй тапсырмасын тексеру.
Көршіңді тексер
Бағалау: Ай арқылы

Презентация

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

Мәтінмен топтық жұмыс.

Оқушылар таратылып берілген мәтінді оқып,
«Джигсо» әдісі бойынша Постер жасап қорғайды.
1 топ  Функция
2 топ Кіріктірілген функциялар
3 топ Логикалық категория
Топты бағалау. Асық арқылы
Практикалық тапсырмаларды орындау.
Жұппен жұмыс.
53 бет.
54 бет.
55 бет.
Сергіту сәті:
Ауада мұрынның ұшымен 1.12 санын жазу және мағынасын табу. 
Жеке жұмыс:
Сыйлық қорапшаның ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
1.      Кіріктірілген функциялар қалай реттеледі?
2.      «Кіріктірілген функция» ұғымын қалай түсінесіңдер?
3.      Кіріктірілген функцияның синтаксисі қандай?
4.      Кіріктірілген функция қандай принцип бойынша жұмыс жасайды?
5.      Функция атауын кіші әріптермен теруге бола ма?
6.      Кіріктірілген функцияны қалай қоюға болады?
7.      Кіріктірілген функцияға қандай категориялар енеді?
8.      ЕСЛИ () логикалық функциясының синтаксисі қандай?
9.      Қандай логикалық амалдар көмегімен логикалық өрнекті құруға болады?
10.  Кіріктірілген ЕСЛИ () функциясы нені білдіреді?
11.  Функцияны табуляциялау қалай жүргізіледі?
12.  «Кіріктірілген функциялар» - үш тілде айт.
 
Жұптық жұмыс:Компьютермен жұмыс
Оқушылардың  сынақты тапсыру нәтижесінің кестесі.Сынып оқушыларының нәтижесін келесі графалар арқылы кестеге енгізіңдер:Аты- жөні; Сынақ; Емтихан.С2 ұяшығына ЕСЛИ () функциясын құрыңдар және оны толтыру маркерінің көмегімен көшіріңдер.

Мәтін (таратылым)

Плакат

Маркер

Сыйлық қорабы

1.  (ҚБ)Тапсырма:

Слайдтар

Кеспе қағаздар

Сабақтың
соңы

2.    Рефлексия:

Поезд тәсілімен стикер жабыстыру арқылы

1-вагонға;   
Бүгін не үйрендің?

2-вагонға;   
Бүгінгі сабақта не ұнады?

3- вагонға;  
Бүгінгі көңіл-күйің қандай болды?

4-вагонға;    Басқаларға
көмегің тидіма?

Стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға
көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз
?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты
меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен
байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар: Мұғалім ұсынған
функцияларды пайдалану жолдарын біледі

Кейбір оқушылар: Басқа да функцияларды
біледі

Сабақ барысында мұғалімнің бақылауы,
бағалауы

Жұптық, өздік (практикалық) жұмыстарды
орындау және өзін-өзі/ өзара/ мұғалім бағалауы

Компьютермен жұмыс жасау барысында
эргономика талаптарын және бір-бірінің ұсынысын тыңдау, құрметтеу құныдықтары

Рефлексия

Сабақ
мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені
үйренді?

Сыныптағы
оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді
ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер
енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ
туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сл жақ бағанда берілген сабағыңызға
қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы
баға

Сәтті
өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай
екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және
оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар
туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат
алдым?


Ms Excel программасында қанша кірістірілген функция бар?, Ms Excel программасында кірістірілген функциялардың категориялары қандай?, СРЗНАЧ () функциясы … есептейді, МИН () функциясы … есептейді, МАКС () функциясы … есептейді.

Кірістірілген функциялар

Таблица лидеров

Случайные карты — это открытый шаблон. Он не создает баллы для таблицы лидеров.

Требуется вход в систему

Тема

Требуется вход в систему

Параметры

Переключить шаблон

Интерактивный

Дополнительные форматы будут отображаться при выполнении занятия.

Пәннің аты Экономикалық информатика және ақпараттық технология

Оқу тобы: Ф-9-16 Күні: 07.12.2017ж

Сабақ тақырыбы: MS Excel –де қаржылық функциялар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке

Сабақтың мақсаты

Білімділік студентерге қаржылық функцияларды қолдануды және есеп шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттерді шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту. 

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, жазбаша, есептер шығару

Сабақты жабдықтау оқытудың техникалық құралдары, слайд, интерактивті тақта, компьютер, таратылатын материалдар: компьютерде орындалатын тапсырмалар (тақырып бойынша)

Пәнаралық байланыс: Математика, экономика, информатика

Сабақты жүргізу кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

  • Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейі) 15 мин

Интерактивті тақтадан «Ойлан тап», «Білім шыңы пирамидасы» сұрақтарына жауап беру

«Ойлан тап» сұрақтары

  1. Excel-де кез-келген формула қандай таңбадан басталады?

  2. Мәтінді, санды, датаны бір ұяшыққа жинау?

  3. Төмендегі функциялардың қайсысы логикалық?

  4. Excel-де бағандар саны?

  5. Қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылатын функция

  6. А1 ұяшығында 5 саны, B1 ұяшығында =А1*2 формуласы, С1 ұяшығында =А1+В1 формуласы жазылған. С1 ұяшығындағы мән нешеге тең болады?

  7. В2-ден В8 -ге дейін диапазонда жатқан ұяшықтардың мәндерін қосу формуласы қандай болады?

«Білім шыңы пирамидасы» сұрақтары

  1. Сыбайлас ұяшықтардан тұратын төртбұрыш аудан

  2. Excel-де қанша жол, қанша баған болады?

  3. Диаграмма дегенді қалай түсінесің?

  4. ####- мына символдар қандай жағдайда шығады?

  5. $ белгісі қай кезде қойылады?

  6. =СУММ(А5:А9)формуласы нені есептейді

  7. =СРЗНАЧ(G4:G6) формуласы нені есептейді?

  8. =ТЕКСТ функциясының қызметі

  9. Формула жолы нені көрсетеді

  10. Ұяшықтар диапазоны дегініміз не?

  11. Процентный форматын қойғанда, сан қалай өзгереді?

  12. Диаграмманың қандай түрлерін білесің?

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне – өзі сенімділігі) 30 мин

Қаржы функциялары кәсiпорынның қаржылық — тұрмыстық қызметiн жоспарлау және талдауында , сонымен қатар құрал инвестицияларын салуға қатысты есептердiң шешiмiнде қолданылады. Қаржы функцияларының ішінде үш улкен тобын шығаруға болады. Олар бағалы қағаздардан амортизациялық төлемдер, рента төлемдерi және бағалы қағаздардан  табыстарды есептеу үшiн қолданылатын функциялар. Соның қаржы ренталармен жұмыс істеуіне арналған фунцияларының қызметін қарастырайық.

Қаржы қызметiнде кейде бiрiнен соң бiрi ақша төлемдері орындалады – ақша төлемдерінің тасқыны. Мысалы жыл сайынғы облигациялар бойынша пайыз төлеулері, сақтандандыру қорды құрастыру үшін банкке үнемі үлестер жасау,  тұтынушы қарызы бойынша ай сайынғы төлемдер, қайырымдылық қорынан ай сайынғы стипендияның алу және сол сияқты төмеддер. Осындай төлемдер арқылы айналымдағы ақшаға пайыз қосылады.Төлем тасқының қарастыру кезінде екi негiзгi есебі туу мүмкiн: төлем тасқынынан өсу денгейiн табу, немесе керiсiнше өсу тасқыннан жеке төлем шамасын табу. Жеке ақы төлем  тасқынына — қаржы ренталары — ұқсас есептердiң шешiмiнiң математикалық әдiстерi жасалған.

Электрондық кестеде бұл көрсеткіштерді есептеу үшін кiрiстiрiлген функциялар бар. Бұл функциялар Excel-гі талдау дестесінде мазмұндалады. Қаржы функциялары  бекiтiлген жиынынан бiрдей аргументтеріне ие болады.

  Ms Excel –де функцияларды қолдану үшін келесі командарының бірін орындау керек:

—   Вставка – Функция – Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау – Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау

немесе

—  Құралдар тақтасында  белгісін таңдау арқылы функцилар сұхбаттық терезесін экран бетіне шығару — Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау – Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау

Аргументтерге сәйкес электрондық кестеде пайдаланатын функцияларды қарастырайық.

   Еxcel кестелік процессорында ПЛТ, ПРПЛТ, ОСПЛТ қаржылық функцияларын қолдану арқылы,кезеңдегі несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге болады.

Кезеңдегі жалпы төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясы қолданылады. Оның аргументтері:

Ставка – кезеңдегі проценттік ставка.

КПЕР – төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны.

ПС – ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасы.

БС – соңғы төлемнен кейінгі болашақта болуы мүмкін құн немесе қолма-қол баланс. Егер БС аргументі жоқ болса, оны 0 деп есептейді.

ТИП – 0 немесе 1 сандары төлемінің сәйкес мерзімінің басында немесе соңында төленетінін көрсетеді. Егер 0 болса, онда төлем кезеңнің соңында, ал 1 болса, кезеңнің басында төленеді.

Әр кезеңдегі негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді есептеу үшін ОСПЛТ және ПРПЛТ функцияларын қолданамыз. Бұл функциялардың да, тек төлем кезеңін көрсететін «Период» аргументінен басқа барлық аргуметтері ПЛТ функциясының аргументтерімен бірдей.

Бұл функцияларды қолдану барысында мыналарды есте ұстау қажет:

— Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12-ге бөлу керек;

— ПЛТ функциясымен есептелетін төлемдер негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді қамтиды, бірақ кейде қарызбен байланысты болатын салықтарды, резервтік төлемдерді немесе комиссияларды қоспайды.

1-есеп Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық. Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады.

Шешуі:

а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 1 суреттегідей құрамыз:

1-сурет – Берілгендер кестесі

Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді:

=ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2)

2-есеп 10000 доллар көлемінде 5 жылға, жылдық 17%-тік ставкамен алынған қарыз бойынша жылдық төлем шамасын есептеу.

В3:В5 ұяшықтары аралығына алғашқы мәліметтерді енгіземіз. В6 ұяшығына жылдық төлем шамасын есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз, аргументтерін келесі түрде енгіземіз: =ПЛТ($B$3;$B$4;-$B$5)

Жалпы төлем сомасы: =B6*B4

Әр кезеңде төленетін процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдерді анықтау үшін келесі формулаларды енгіземіз:

D10 ұяшығына =ПРПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз.

Е10 ұяшығына =ОСПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз. Нәтижесінде әр кезеңдегі процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдердің шамасы анықталады

2-сурет

3-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.

Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.

Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000)

Есептеу терезесі 3 суретте көрсетілген:

3-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу

Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:

= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)

ІV.Сергіту сәті. Құпия сөздің сырын ашайық

К

Ұ

Я

Ш

Д

И

І

Т

А

Ы

Қ

А

Ф

О

П

Л

А

Г

Б

Р

М

У

А

Р

Е

Т

Т

Е

М

А

К

Е

С

А

М

Т

К

Ұ

Я

Ш

Д

И

І

Т

А

Ы

Қ

А

Ф

О

П

Л

А

Г

Б

Р

М

У

А

Р

Е

Т

Т

Е

М

А

К

Е

С

А

М

Т

V. Өзіндік жұмыстапсырмалары (15 мин)

1-тапсырма 1-есеп бойынша ай сайынғы толемдерді 3,9,12,15,18,21,24,27,30 пайыздармен есептеу

2-тапсырма. 5 млн көлемінде ссуда 8 жылға, 13% жылдық ставкамен берілген. Алтыншы жыл үшін негізгі толем шамасын анықтау керек ПЛТ функциясын қолданыңыз.ОСПЛТ функциясын қолданыңыз

3-тапсырма. Несие мөлшері 1000000. 17% -дық жылдық ставкамен 10 жылға берілген. Жылдық төлемді және процент бойынша төлемді есепте. ПРПЛТ, ОСПЛТ функцияларын қолданыңыз

Тапсырмаларды шығару, оқушылардың өзіндік жұмысын тексеру

VI. Жаңа тақырыпты бекіту (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл – қозғалысы)

15 мин Интерактивті тақтадан MyTest программасымен жасалған тест сұрақтары бойынша жаңа сабақты бекіту.

  1. ПЛТ функциясының параметрлері

  2. Төмендегі батырмаларды реті бойынша сәйкестендір

  3. Дұрысын белгілеңіз. Қаржылық ПЛТ функцияда «Ставка» параметірі нені білдіреді?

  4. Төмендегі сөзді дұрыс орналастыр қандай сөз шығу керек

  1. Қаржылық функцияларда төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны қай жерге енгізіледі суреттен көрсетіңіз

  2. Несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге арналған қаржылық функцияларды жаз

  3. Қаржылық функцияларды ұяшықтың үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы іске қосамыз

  4. Ипотекалық ссуданы есептеуде 20 жылда қанша ай бар?

  5. Ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасын қай параметрге енгіземіз

  6. Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12 ге бөлу керек

Топтастыру стратегиясы

VII Оқушыларды бағалау(2мин)

VIII.Үй тапсырмасы (1мин)

Ахметов .А., Ахметов Д. Қаржылы математика MS EXCEL-де, «Бастау» Алматы 2010, Қаржылық функциялар, есептер шығару

1. Қаржылық функциялар

2. Параметрлік есептерді шығару

Кірістірілген функциялар: мәтіндік және логикалық функциялар

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Ақпаратты электронды кестеде өңдеу
Кірістірілген функциялар: мәтіндік және логикалық функциялар
8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Оқушыларға кіріcтірілген функцияларды қолданып шығарылған есептердің қорытындыларынан ұяшықтың мәнін табуды және есептерді шығаруда формулалар мен кіріcтірілген функцияларды қолдануды үйрету.
Критерийлері:
Білу және түсіну:
MS Excel- де мәтіндік және логикалық функцияларды ажырата алады.
Қолданылуы:
MS Excel- де кірістірілген функцияларды (мәтіндік және логикалық) қолдана отырып есеп шығара алады.
Бағалау:
MS Excel- де кірістірілген функцияларын пайдаланып, олардың қызметін түсіндіре алады.

Төмендегі Сабақ жоспары толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Кірістірілген функциялар: мәтіндік және логикалық функциялар

Давидов Искандер Усанович

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы

16.11.2021

876

0

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Публикации

Кірістірілген функция

Опубликовано: 24.01.2019, 
Автор: Қарлығаш06 779

  • 60
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 

Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу

Мектеп: Тараз қаласы. №14 орта мектеп

Күні: 20.11.2018 ж

Мұғалімі: Омиралиева Қарлығаш Темерхановна 

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 

Қатыспағандар саны: 

Сабақ тақырыбы

Кірістірілген функциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 

8.2.2.3 — электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Кірістірілген функцияларды қолданып есептер шығару

Көпшілігі: Берілген тізімді қолдана отырып, электрондық кестемен жұмыс жасайды.

Кейбіреуі: Кірістірілген функцияларды пайдалана отырып, есептер құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • Берілген кірістірілген функцияларды біледіэлектронды кестемен есеп шығару үшін формулаларды құрастырадықолданады.

Тілдік мақсаттар

Кірістірілген функция-Встроенные функции 

Функция шебері – Мастер функции 

Срнач, сумма, минимум, максимум сөздерін қолану

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойына шығармашылық,  ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру. Бір-бірінің пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика, орыс тілі пәндерімен байланысты.

Excel-де математикалық функцияларды қолданады. 

Сумм, если, срзнач сөздері орыс тіліндегі сөздер қолданылады.

Бастапқы білім

Электронды кестеде пішімдей алады.

Ұяшыққа қалай сілтеме жасауды біледі.

Абсолютті және салыстырмалы сілтеме не екенін біледі.

Сабақ барысы 

Сабақтың

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7-9 мин

Психологиялық тренин «Аялы алақан» жаттығуы.

Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек
жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

Үй тапсырмасын сұрау. Қазір қыс мезгілі «Қарлы кесек» ойны. «Қарлы кесекті» лақтыру арқылы өткен тақырыпқа байланысты  сұрақтар қояды.

1.Электронды кестенің незігі элементерін ата

2.Формула қалай жазылады?

3.Салыстырмалы сілтеме

4.Абсолюттік сілтеме

5. Аралас сілтеме

6.Ұяшықты пішімдеу сұхбат терезесін қалай шақырамыз?

7.Ұяшықты пішімдеуде сан жапсырмасында мәліметтер типі қанша? т.б.

Топқа бөлу. (ұяшыққа жасалған сілтемені алып, ажыратады.) «Салыстырмалы», «Абсолютті»

Сабақтың ортасы

25-27  мин

Кірістірілген функциялар (Встроеные функция)

Математикалық, статистикалық т.б. есептерді шығаруда ексель программасы таптырмас көмекші, себебі 400-ден астам стандартты функцияларды кірістірілген.

Электронды кесте функциялары бағдарлама жадында сақталған арнайы формулалар, 

Функцияның аты және аргументі арқылы өрнектеледі.

Аргументтер –дегеніміз не? Нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер.

Функция шебері туралы мәлімет беру.

(ҚБ) Практикалық жұмыс. Оқушылар компьютерде берілген тапсырманы жекелей орындайды.

А  деңгейі

А1:А5 ұяшықтарында 10,7,9,28, 2 мәндері берілген. Мына функциялардың мәні неге тең?

= МИН (А1:А5)

= МАКС (А1:А5)

= СРЗНАЧ (А1:А5)

В  деңгейі

А

В

С

D

E

F

Аты-жөні

алгебра

геометрия

ағылшын тілі

физика

қазақ тілі

оқушы 1

4

5

4

5

5

оқушы 2

4

3

3

4

3

оқушы 3

3

3

4

3

3

оқушы 4

5

5

4

5

5

оқушы 5

4

4

5

5

4

Орта балл

Дескриптор: 
  1. MS Excel бағдарламасында қажетті есептеулер үшін статистикалық функцияларды пайдалана алады. 
  2. Орта баллды есептеулерді орындайды.
  3. Санның ең кіші мәнін табу.
  4. Санның ең үлкен мәнін табу.
Ширату жаттығулары
Ексель ұяшықтары арқылы мақалды табу
Постер қорғау  
1 топқа «Валюта айырбастау» программасын жасау
2 топқа «Ломбард» программасын жасау

1-4 слайд

5 слайд

6 слайд

Сабақтың соңы

6 мин

Ексель программасында құрастырылған тест  тапсырмаларын орындау. (құрастырылған тест программасы кірістірлген функцияларды қолдана отырып жасалынған ескерту)

Бүгінгі сабағыма «аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Мен бүгін ……………..білдім

Маған ………….қызықты болды

Маған……………. қиын болды

Мен келесі тапсырмаларды орындадым….

Мен ………..түсіндім

Мен …………сезіндім

Мен…………….үйрендім

Мен…………….жасай алдым

Мен ……………жасап көремін

Мен ………….таңқалдым

Мен ……..өмірде қолданамын

Маған ……….ұнамады

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

ХимияДля 8-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

БиологияДля 5-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов
Открыть

Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет
Открыть

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Excel программа не отвечает
  • Excel программа как пользоваться обучение
  • Excel программа изучать самостоятельно
  • Excel программа для финансового анализа
  • Excel программа для тестирования